Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

Образование

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

Құрметті отандастар!

Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.

Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.

Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда.

Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.

Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.

Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.

Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес.

Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.

Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет.

Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын.

Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді.

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Категории

    • Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынуда. ⚜️ Ұлттық жоба – білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың нәтижесі.
12.06.2025
7.jpg
По инициативе Главы государства реализуется беспрецедентный проект строительства школ нового формата, не имевший аналогов в истории казахстанского образования. ⚜️ Национальный проект – результат реализации новой и масштабной инфраструктурной инициативы в системе образования
12.06.2025
7.jpg
Президентский молодежный кадровый резерв
27.05.2025
7.jpg
Президенттік жастар кадр резерві
27.05.2025
7.jpg
#Біртұтас_тәрбие #PSY #Телефон_доверия #Возвышенская_сш
13.03.2025
7.jpg
#Біртұтас_тәрбие #PSY #Центр_психологической_поддержки #Возвышенская_сш
13.03.2025
7.jpg
#Біртұтас_тәрбие #PSY #Консультирование #Возвышенская_сш
13.03.2025
7.jpg
Проблема наркопреступности среди молодежи — многогранный вопрос и актуальная проблема современности.
21.02.2025
7.jpg
Защита детского труда
21.02.2025
7.jpg
Информация и памятки по торговле c людьми
28.01.2025
7.jpg
#PSY #Возвышенская_сш
14.01.2025
7.jpg
#Мы_за_свободную_жизнь_от_наркотиков
15.11.2024
7.jpg
Профилактика терроризма
12.09.2024
7.jpg
Өз балаларынды ойла
01.07.2024
7.jpg
Подумай о своих детях
01.07.2024
7.jpg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі
07.04.2024
7.jpg
Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева в связи с тяжелой ситуацией из-за паводков
07.04.2024
7.jpg
Уважаемые родители!
03.04.2023
7.jpg
Құрметті ата-аналар!
03.04.2023
7.jpg
«Возвышенка орта мектебі» КММ-де жасөспірімдер арасында психоактивті заттарды қолданудан сақтану және түсіндіру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Әлеуметтік педагог нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер жасады, бейнероликтер WhatsApp, Facebook, Instagram платформаларына жіберілді.
29.08.2022
7.jpg
«Возвышенка орта мектебі» КММ-де «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны басталды.
29.08.2022
7.jpg
Дебат клубы
26.08.2022
7.jpg
"Дорога в школу".
22.08.2022
7.jpg
С целью информированности и предостережения от употребления психоактивных веществ среди подростков в КГУ «Возвышенская средняя школа »проведена профилактическая работа.
10.06.2022
7.jpg
В КГУ «Возвышенская средняя школа» стартовала Национальная Информационная Кампания «12 дней борьбы против эксплуатации детского труда».
31.05.2022

Warning: Division by zero in /data/cache/php/twig/fd/fd163f7dfb8000f0f544d7914755b7f0e4f7590dba915e083a89f665a2d20de8.php on line 1090